АВТОГРАФ

АВТОГРАФ (грек. Autos – өзім және grapho – жазамын) – 1) адамның өз қолымен жазған сөзі немесе қойылған қолы мыс., жазушының оқырманға берген қолтаңбасы; 2) автордың өзі жазған қолтаңбасының мәтіні. А. арқылы шығарманың канондық мәтіні анықталады, ол жазушы, ғалым немесе тарихи қайраткер шығармашылығын зерттеу кезінде бағалы материал бола алады. А-тарды жинау және сақтау мәселесімен архивтер, кітапханалар және музейлер айналысады. А-тарды жеке адамдар да жинайды; 3) қылмыс- керлердің А-ы (ауыспалы мағынасында) — қылмыс жасаушының өзіндік әдіс-тәсілі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *