АВТОВОКЗАЛ

АВТОВОКЗАЛ (грек. autos — өзі, ағылш. vauxhall — көңіл сергітетін мекеме) — қалаара- лық автобус жолдарының соңғы және тораптық пункттерінде жолаушылар мен автобус қызметкерлеріне қызмет көрсетуге арналған қала ғимараттары кешені. Ол жолаушылар үйі, ішкі көлік аумағы және вокзал алаңынан тұрады. А. ғимаратында жолаушылардың күту залы, кассалар, ана мен бала бөлмесі, кол жүгін сақтайтын қоймалар, кафетерий, сантехникалық тораптар, диспетчерлік қызмет, автобус жүргізушілері және әкімшілік бөлмелері, т.б. болады. А. аумағында жолаушыларды автобусқа отырғызып-түсіретін перрон, рейс аралықтарында автобустар тұратын алаң, автобус қорабын жуатын қондырғылар, т.б. орналасады. А. автобустар қозғалысын басқаруға арналған автоматты сигнал беру құралдарымен, радиобайланыс және теледидар құралдарымен жабдықталады. А. кейде темір жол не өзен вокзалымен біріктіріліп те салынады. Алматы қ-ның А-ы әзірге Қазақстандағы бірегей құрылыс болып табылады. Одан облыс орталықтарына, Бішкек және Ташкентке тәулігіне 1 мыңнан аса автобус қатынайды. 32 мың жолаушы тасылады (1998).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *