АВТАРКИЯ

АВТАРКИЯ (грек. autarkeia — өзін-өзі қамтамасыз ету) — өз елінің экономикасын басқа елдердің экономикасынан оқшауландыруға бағытталған саясат. Шетел тауарларының, капиталының және т.б. өз еліне енуіне шек қою. Бұл тәсіл отандық өндірісті дамытуды немесе басқа саяси мақсатты көздейді. Әлемдік еңбек бөлінісінің, аймақтардың өндірістің белгілі бір саласына мамандандырылуының тереңдей түсіп, мемлекеттер мен халықтар арасында экон., саяси, ақпараттық, рухани, мәдени және т.с.с. қарым-қатынастарға шек қою мүмкіндігі азайған жағдайда мұндай оқшауланып, бөлектенуге ұмтылу тұрпайы саясат ретінде бағаланады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *