АВСЮК МҰЗДЫҒЫ

АВСЮК МҰЗДЫҒЫ — Жетісу (Жоңғар) Алатауының солт. беткейіндегі аңғарлық мұздық. Сарқан алабындағы Ақшығанақ өз-нің бастауында орналасқан. 1957 ж. көрнекті ғалым Г.А. Авсюктің есімімен аталған. Ұз. 4,7 км (ашық жері — 4,2 км), жалпы аум. 5,0 км2. 1960 — 90 ж. аралығында мұздықтың ұз. 0,1 км-ге қысқарды. Ауд. 0,8 км2- ге, ашық жері 1,3 км2-ге кеміді. Орташа қалыңд. 70 м- ге, көлемі 0,3 км3-ге дейін азайды. Мұздық басталатын жотаның ең биік жері 4262 м, фирн алаңының ауд. 2,0 км2. Мұздық тілін бүйірлік мореналар көмкеріп жатыр. Мұздықтың үстіңгі тілі 3180 м биіктікте орналасқан. Оның моренамен көмкерілген бөлігі 3170 м-ге дейін төмендеп, бұрынғыдан 40-60 м шегінген. Шеткі моренаның ауд. 0,2 км2, аяққы моренаның ауд. 0,5 км2 келеді. Мұздық туралы алғашқы ғыл. еңбек 1929 — 32 ж. жазылған. А. мұздығын зерттеумен 1957 жылдан Қазақстан ҒА-ның Геогр. ин-ты айналысады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *