АВСТРИЯЛЫҚТАР

АВСТРИЯЛЫҚТАР — ұлт, Австрияның негізгі халқы. Жалпы саны 7,8 млн. (1995). Шетелдерде де (Италияда, АҚШ-та, т.б.) тұрады. Неміс тілінің диалектісінде сөйлейді. Әдеби тілі — неміс тілі. Дінге сенетін А-дың 90%-і католиктер, қалғандары — протестанттар. Халықтың 62%-і қалаларда тұрады. Дәстүрлі кәсібі — мал ш., негізінен, ірі қара мал өсіру және егіншілік. А-да үй құрылысы техникасының фахверх деп аталатын рамалық және каркас түрі қалыптасқан. Олардың тұрғын үйлері мен шаруашылық жайлары бөлек-бөлек салынып, шаңырақ ауласын айнала үш немесе төрт жағын алып жатады. Тұрғын бөлмеде ошақтан басқа пеш салынады. Ағаштарға (жақтауларға, тұрғын және қойма жайлардың тіреуіш бағаналарына, тұтыну құралдарына) өрнек салу дәстүрі жақсы дамыған. Таулы аудандардағы А-дың материалдық мәдениетінде (үй-жай, киім-кешек, т.б.) ұлттық ерекшеліктері сақталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *