АВСТРАЛИЯ — АНТАРКТИКА СУ АСТЫ ЖОТАЛАРЫ

АВСТРАЛИЯ — АНТАРКТИКА СУ АСТЫ ЖОТАЛАРЫ — Үнді мұхитының оңт.-шығысындағы су асты жоталары. Олар Орталық Үнді жотасын Оңтүстік Тынық мұхит су асты жотасымен байланыстырады. Жотаның ұз. 6000 км, ені солт. бөлігінде 800 км-ге жетеді. Су бетінен А.— А. с.а.ж-ның табанына дейінгі тереңд. 3500 м, ал су бетінен жотаның жалына дейінгі тереңд. 1145 м. Жоталардың табаны Тынық мұхиттағы тектоник. жарылым бойымен өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *