АВЛАКОГЕН (грек. аulax — жырынды, ор және gen — туу) — платформаның іргетасын қиып өтетін терең жарылымдарымен шектеліп, ұзынша созылған қозғалмалы тектоник. құрылым. А-нің ұз. жүздеген км-ге, ені ондаған км-ге созылады. Кейде жақын орналасқан геосинклинальдармен байланыста болады. А-ді қалыңдығы мыңдаған м күрделі қатпарлы тау жыныстары толтырады. А. толтыратын жыныстарының формациялық құрамына қарай миогеосинклинальдарға ұқсайды. Терминді 1960 ж. Н. С. Шатский ұсынған. Оны қарапайым А. (жай синклиналь құрылымды грабендер) және күрделі А. (қатпарлы жүйе құрылымды) деп екі түрге бөледі. А. платформаның белсенді қозғалыс түскен аймағында пайда болады.