АЗАД

АЗАД,  Маулана Әбу-л-Калам Азад (11.9.1888 – 22.2.1958) – Үндістанның саяси және мемлекеттік қайраткері, ғалым. Ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, үнді-мұсылман бірлігінің табанды жақтаушысы. Делидің көне мұсылман улемасы (ғұламасы) отбасында дүниеге келген. 1912 ж. Үндістан ұлттық конгресінің мүшесі болған. 1912-14 ж. мұсылман интеллигенциясының радик.бағыттағы бөлігінің органы – ағылшын отаршылдығына қарсы үгіт-насихат құралы болған «әл-Хилял» («Жарты ай») газетін шығарды. 1919 – 22 және 1930 ж. азаматтық қарсылық науқаны жетекшілерінің бірі болды. 1942,1945, 1946 ж. Англиямен келіссөз жүргізу кезінде үнді делегацияларын басқарды. 1947 ж. Үндістанның халық ағарту министрі болып қызмет атқарды. Құран түсіндірмелерін, урду әдебиетінің филос-ы және тарихы жөніндегі еңбектер жазған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *