АДЖЕМИ Әбубәкірұлы

АДЖЕМИ Әбубәкірұлы — 12 ғ-дың 20 жылдары мен 13 ғ- дың басында Нахичевань қ-нда өмір сүрген сәулетші, орта ғасырдағы Нахичевань архит. мектебінің өкілі. Кусейир ұлы Юсуф (1162) пен Момине хатун (1186) кесенелерін және Нахичевань қ-ндағы портал- дары бір-бірімен жалғасқан минареттерді салды. Ғимараттарының монументті, әсем болып келуі әрі құрылысқа сол кездегі жаңа конструкцияны енгізе білу — А-дің сәулет- шілік өнеріне тән қасиет. Бұл құрылыстарды көркемдеуде ою-өрнектің алуан түрлері мен ашық бояулар бір-бірімен үндестік тапқан. А-дің композициялық, сәндеу әдістері Әзербайжанның ғана емес, көршілес елдердің де сәулет өнеріне ықпал етті.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *