АДЕНОКАРЦИНОМА (грек. аden — без, karkinos — рак, adenocarcionoma — бездік рак) — секрет шығаратын бездердің кілегей қабықшасынан дамитын қатерлі ісік. Ол шы— рышты қабықтары не бездік тіндері бар органдарда өрбиді. А-ның бездік құрылымдары әр түрлі мөлшердегі аса дөрекі пішінді призма немесе куб тәрізді клеткадан тұрады, про- топлазмасы мол және базафильді келеді. Ісік құрамында клеткалардың бөлінуі айқын байқалады, олар азды-көпті шырьыш бөледі. А. құрылымына қарай: ацинарлық немесе альволярлық (ісікте ацинарлық құрылымдар басым); тубурлярлық (түтіктік құрылымдар басым); бүрлік-бүрлік немесе еміздіктік (өсінділер басым); шырыштық немесе кол- лоидтық (клеткалары көп) болып 4 түрге бөлінеді. А. пісіп— жетілуіне байланысты үшке ажыратылады: 1)толық пісіп—жетілген бездік рак – ісік құрылымы еміздікті, түтікті, ацинусты құрылымдардан тұрады, шырыш бөлмейді; 2) толық пісіп-жетілмеген бездік рак – солидті құрылымда муцин, коллоид араласқан тіндері бар ісік; 3) пісіп-жетілмеген бездік рак — құрылымында бездік тіндер аз, шырышы мол, сақина тәрізді клеткалары бар ісік. Бұлардың ішінде ең қатерлісі — морфологиялық тұрғыдан пісіп— жетілмеген бездік рак болып табылады.