АДАХКЕС

АДАХКЕС, Адахкет — орта ғасыр саяхатшыларының жазбаларында аталатын қала атауы. Ғалымдардың болжауынша, қазіргі Жамбыл обл. Талас өз-нің бойында, Тараз қ-ның солт.-батысында орналасқан. Араб географы Әбу-л- Қасым Ұбайдаллаһ ибн Хор- дадбех (9 ғ.) Кавакет Тараздан 7 фарсах жерде, ал одан Қимақ патшалығының аста- насына дейін 80 күндік жер деп жазса, 10 ғ-да өмір сүрген тағы да бір араб географы әл- Хамаданидің айтуынша, Тараздан қимақтарға баратын жол (солт-ке қарай) Кавакиб деп аталатын жерде орналасқан жақсы жабдықталған екі елді мекен арқылы өткен. Осы екі қаланың аттары басқа деректерде Адахкес және Дех Нуджикес деп аталады. Олардың орындары Тараздың солт.-батысында орналасқан Қаракемер мен Бектөбе қ. жұрттарына сәйкес келеді. Бұл екеуі де орталық бөлігі ұзын дуалмен қоршалған төбелер. Бір-бірінен 500 м қашықтықта орналасқан. Бектөбенің аумағы 120 м, биікт. 6 м. Төбенің маңынан жиналған ыдыс сынықтары 6-12 ғ-ға жатады. Қаракемер — төртбұрыш тәріздес келген төбе. Оның көлемі 450×450 м, биікт. 8 м. Қаланы қоршаған дуалдың аумағы 2 км. Бұл төбе басынан жиналған ыдыс сынықтары да 6-12 ғ-ға жатады. Екі төбенің орнында да үлкен қала болғандығы анық байқалады. Бұларды 1938 ж. Жамбыл археол. экспедициясы (жетекшісі А. Н. Бернштам) зерттеген. Төбелердің қайсысы А-тің, қайсысы Дех Нуджикестің орны екендігі анықталмаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *