АГРЕГАТ (лат. аggrego — бірлестіремін, қосамын) — 1) техникада – жұмыс про- цесін жылдамдату және тиімді ету мақсатында әр түрлі қызмет атқаратын бірнеше маши- наларды немесе аппараттарды бірлестіру (мыс., электрлік қозғалтқыш, сорғы); 2) м е — ханикада — бірлестірілген машиналар кешені (мыс., жер жыртатын А. трактор, соқа және тырмадан құралады); 3)геологияда — тау жынысын немесе оның бір бөлігін құрайтын минералдардың жеке түйіршіктері мен олардың өсінділерінің жиынтығы (мыс., гранит — дала шпатының, кварцтың және слюданың түйіршікті А-ы).