АВТОМАТТАР ТЕОРИЯСЫ— теориялық кибернетиканың дискретті ақпараттың түрлендіргіштерін зерттейтін саласы. Ол есептеуіш машиналарды жобалауға және биол., экон., т.б. күнделікті өмір талабы аса қажет еткен ғылым салаларындағы ақпараттарды қайта өндеу процестерінің матем. модельдерін жасауға байланысты пайда болды. А. т-ның негізі абстракт автомат пен автоматтар композициясы ұғымдарынан тұрады. Абстракт автомат ұғымы қарастырылатын қондырғыны, яғни өзі жүзеге асыратын ақпараттарды қайта өңдеу алгоритмі түрғысынан сипаттайды. Автоматтар композициясы қондырғыны оның құрылысы тұрғысынан қарастырады. Қазіргі А. т. — сан алуан мәселелері бар және жан-жақты қолданылатын дербес ғылым саласы.