АВТОБУС (франц. autos — өзі, лат. (omni)bus — баршаға арналған) — жүргізушімен қоса есептегенде 9 және одан да көп адамды алып жүруге арналған, қорабы вагон түріндегі автомобиль. Алғашқы А. 20 ғ-дың басында пайда болды. А. қалалық, қала маңы, қалааралық, жергілікті, т.б. болып бөлінеді. А. сыйымдылығы мен ауқымына (негізінен ұзындығына) қарай: ең кіші (5 м), кіші (7,5 м), орта (8,5 м және 9,5 м), үлкен (11 м), өте үлкен (12 м) және жалғастырылмалы (16,5 м) А. болып ажыратылады. Ұз. 7,5 м қалалық А-қа 35 — 40, ал ұз. 12 м А-кэ 110 — 120 адам, ал жалғастырылмалы А-қа 160 адам сыяды. Ең жоғары жылдамдық қалалық А. үшін 70 км/сағ, қала маңы және жергілікті А. үшін 80 км/сағ, қалааралық А. үшін 100 км/сағ, болып белгіленген. Кейбір елдерде 1,5 және 2 қабатты А- тар пайдаланылады. А. — негізгі қала көлігі. Мыс., Алматы қ. тұрғындарының 78%-і А-пен қатынайды. Ұз. 1500 км- ден асатын қала көшелерінде күн сайын 120 маршрут бойынша 800-ден аса А. қатынай- ды.