БЕРДИН-АНГУС СИЫРЫ — сиырдың етті тұқымы. 1917 ж. Шотландияда жергілікті сиырды қолдан сұрыптау нәтижесінде алыңды. Қазақстанға 1932 ж. Англиядан әкелінді. Батыс Қазақстанда өсіріледі. Сиыр тұқымдардың ішіндегі өте сапалы ет беретін тұқым болып саналады, бірақ жақсы азықтандыру мен бағып-күтуді қажет етеді. А.-а. с-ның түсі көбінесе қара, мүйізсіз тоқал болып келеді. Шоқтығына дейінгі орташа биікт. 118,5 см, кеудесінің орамы 190 см, қиғаш өлшегендегі тұрқы 148 см, жіліншігінің орамы 19 см болады. Сиыры 550 — 600 кг, бұқасы 750 — 800 кг, бордақыланған өгізшелері 14-15 айлығында 400 — 450 кг орташа салмақ тартады, 60% таза ет, жылына 2000 кг сүт береді.