АВЕНИРОВА Анна Ивановна

АВЕНИРОВА Анна Ивановна (9.3.1904, Ресей, Архангельск губ., Спасск с. — 14.4. 1971, Алматы) — ғалым, мед. ғыл. докт. (1955), проф. (1956). Қазақстанның еңб. сің. дәрігері (1947), Қазақстанның еңб. сің. ғыл. қайраткері (1966). Пермь мемл. мед. ин-тын бітірген (1925), Қазақстанға 1929 ж. келген. А. — Қазақстанда ана мен бала денсаулығын қорғау ісін ұйымдастырушылардың бірі. 1948 — 51 ж. Ана мен баланы қорғау ин-тының директоры, 1952 — 71 ж. Алматы мемл. мед. ин-тында кафедра меңгерушісі болды. Баланың ас қорыту жүйесінде болатын аурулардың себептерін, олардың таралуы мен емдеу жолдарын зерттеген. Лямбиоз, кейбір бүйрек ауруларын емдеудің әдістерін тапқан. Осы аурулар туралы бірнеше ғыл. еңбектері жарық көрген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *