АВЕЗОВ

 АВЕЗОВ Қасым (1897, Түркістан өлкесі, ІІІымбай у. — 1938) — мемлекет қайраткері, ағартушы, ақын, драматург. Мақтым ақын медресесінде оқыған. 1921 жылдан бастап Шымбайда мектеп оқытушысы, директоры, округ. оқу бөлімінің меңгерушісі, Қарақалпақ автоном. обл-ның халық ағарту халкомы, 1925 — 29 ж. Қарақалпақстан ОАК-нің төрағасы, 1929 — 30 ж. Қазақстан ОАК-і төрағасының орынбасары, Қазақ АКСР Ішкі Істер халкомы. 1930 — 31 ж. Қарақалпақстанның РКФСР ОАК-дегі тұрақты өкілі, 1932-34 ж. Қарақалпақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы. 1936 — 37 ж. Қарақалпақ АКСР ХалкомКеңесі жанындағы өнер басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. Тұңғыш қарақалпақ пьесасы — 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына арналған “Мақсат жолында” драмасын жазған. “Шахта” поэмасы, “Еңбек”, “Көктем келді”, “Намыс құлы”, “Күн”, т.б. шығармалары қарақалпақ әдебиетінің дамуына елеулі ықпал жасады. Саяси қуғын- сүргіннің құрбаны болды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *