АВАТ

АВАТ — Алматы обл-ның Еңбекшіқазақ ауд-ндағы а., ауылдық әкімш. орталығы. Аудан орталығы — Есік қ-нан солт.-батысқа қарай 18 км жерде, Талғар өз-нің оң жағалауында орналасқан. Тұрғыны 2,8 мың адам (1997). Іле Алатауының қоңыржай-ылғалды белдемінде жатыр. А-та орта мектеп, клуб, кітапхана, учаскелік аурухана, т.б. мәдени және денсаулық мекемелері бар, құс фабрикасы акцион. қоғамы жұмыс істейді. А. арқылы мемл. маңызы бар Алматы — Нарынқол автомоб. жолы өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *