АВАРЛЫҚТАР (өзд. атауы — маарулас) — халық. Негізінен, Ресей Федерациясындағы Дағыстан Республикасының батыс бөлігіндегі таулы аймақты мекендейді. ТМД елдерінде — 500 мың, Дағ. респ-да — 425 мың (1995) адам, біразы Әзербайжан Респ-ның Белокон, Закатал ауд-нда тұрады. Еуропа нәсілінің балқан-кавказ тармағына жатады. Тілі — авар диалектісі, жазуы — кириллицаға негізделген.
12 ғ-дың соңында А. хандығы (астанасы Хунзах) пайда болды. Онымен бір мезгілде “еркін” деп аталатын, бірақ ханға бағынышты, тауда жеке- жеке шатқалды иеленген, этникалық жақындықка негізделген А. қоғамдары өмір сүрді. 13 ғ-дың 20-жылдары А. хандығын монғолдар басып алды. 14 — 17 ғ-да хандықта мемл. қарым-қатынас дамып, билік жүйесі күшейді, заңдар қабылданды. 16 ғ-да Кавказ үшін күрескен парсылар мен түріктердің соғысы А. хандығын да шарпыды. Хандық 17 — 18 ғ-да күшейіп, Дағыстанның көптеген көршілес халықтарын алым-салық төлеуге мәжбүр етті. Алайда 16 ғ- дан бастап бірнеше рет Ресейдің қол астына өтіп, 1803 ж. оның құрамына күшпен ендірілді, 19 ғ-дың 20 — 50 ж. А. хандығын имамат биледі. 1864 ж. Ресей үкіметі А. хандығын жойып, оны Авар округына айналдырды. 1921 ж. Дағыстан АКСР-нің, 1991 ж. Дағыстан Республикасының кұрылуы А-дың ұлттық бірігуіне ықпал етті. А-дың дәстүрлі кәсібі — қой ш., егіншілік, бағбаншылық. Қолөнері — тоқымашылық, киіз басу, кілем тоқу, ағаш ыдыстар жасау, зергерлік пен ұсталық. Баспаналарының басым көпшілігі тау етегінде бір-біріне иық тірестіре салынған қамал-үйлерден тұрады. 1-қабаты шаруашылыққа арналған, 2- кабатында ұйықтайтын бөлмелері орналасқан. 2-қабатты тас үйлердің жалпақ төбесі үстіңгі үйдің ауласы болатындай, үйлер сатылап салынады. Үйдің негізгі бағанасы ою-өрнекті болады. Ерлердің дәстүрлі киімі — шалбар, көйлек, бешпет, черкеска, қой терісінен тігілген тон, папаха, киіз және былғары етік. Әйелдер алуан пішімді бас киім (чухта), зерлі костюмдер киеді. Ұлттық тағамдары жуа (чеснок), сүт қосылған етті, ұнды тағамдардан тұрады.