АВАНС

АВАНС (франц. аvanсе — алда, алдын ала) — 1) болашақ еңбекақы есебінен алдын ала берілетін ақша не зат, өзара несие берудің бір түрі. Көлемі барлық соманың 10—40 процентіндей болады. А. беру алдын ала заңдастырылады. Мыс., мердігер (жал бойынша жұмыс істейтін) құрылыс ұйымдары тапсырыс берушіден олардың тапсырмасын орындауға А. алады. Байланыс орталықтары кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан телефон және телеграф байланысы үшін ай сайын А. алуға құқылы; 2) кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлеріне іссапарда жүрген кезеңдегі шығындарына, шаруашылыққа қажетті заттарды сатып алуға берілетін қаржысы; 3) жұмысшылар мен қызметкерлерге сол айда алатын еңбекақысының есебінен айдың ортасында берілетін ак- ша; 4) банкілердің, фирмалар- дың, т.б. бірлестіктердің тау- ар немесе тауар құжаттары үшін беретін сомасы. Банкілер А. мекемелерден, көсіпорын- дардан, жеке адамдардан про- цент есебімен алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *