АВАНС ЕСЕП-ҚИСАБЫ, кызметкердің белгілі бір тапсырманы жүзеге асыру үшін алған қаржыны жұмсағаны жөніндегі есебі. А. е.-қ. қалыптасқан үлгімен жасалып, оған аванс алған кісінің қолы қойылады да бухгалтерияға тапсырылады. Онда алынған соманың көлемі мен жұмсалған қаржының тізімі көрсетіліп, оларды куәландыратын құжаттар тіркеледі. Мекеме бухгалтериясы А. е.-қ-ның дұрыстығын тексеріп, бекітілуге тиісті соманы белгілейді, оны мекеме басшысы не оның сенген өкілі бекітеді. Авансқа берілген қаржының қалдығы мекемеге қайта тапсырылады. Егер уақытылы қайтарылмаса, қызметкердің еңбекақысынан ұсталады.