АВАНСЫЛАНҒАН ҚҰН

АВАНСЫЛАНҒАН ҚҰН — кәсіпкердің пайда табу мақсатымен өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшін сатып алуға жұмсаған ақшалай қаржысы. Машиналар, құрал- саймандар, ғимараттар, құрылыстар, отын, шикізат, қосалқы материалдар сатып алуға жұмсалады. А. қ. өндіріс процесінде өз құнының мөлшерін өзгертпейтін тұрақты капитал. Ал жұмысшы өзі шығарған өнімнің құнын жалақысының мөлшерінен ұдайы асыра өндіруге тиіс. Осыған орай оның мөлшері де өсіп отырады. А. қ. көмегімен капитал жиналады, өндірісті кеңейтуге жол ашылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *