АВАНСЫЛАНҒАН КАПИТАЛ

АВАНСЫЛАНҒАН КАПИТАЛ — табыс түскенше алдын ала өндіріске салынатын ақшалай немесе құнды зат түріндегі капитал. Мұндай капитал жаңа өндіріс орнын, фирма, т. б. кәсіптік іс бастау мақсатындағы арнайы экон. жобаға беріледі. Нарық экон-сына көшуге байланысты А. к-ға сұраныс өсе түсті. Оның бір бөлігі өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға жұмсалып, тұрақты капитал құрса, екінші бөлігі еңбек күшін төлеуге, яғни өзгермелі капиталға жұмсалады. А. к-дың аталған түрлерінің айналым сипаты өзгеше болғандықтан, ол негізгі және айналым капиталына бөлінеді. Егер негізгі капитал негізгі қорларды құруға жұмсалса, айналым капиталы жалақы қорына пайдаланылады. А. к. айналысы жылдамдаған сайын өндірісті дамыту мақсатына жұмсалатын ақшалай қаржы мөлшері азая түседі. А.к. айналымның әр түрлі фазаларымен өтеді де, ең аяғында қосымша өнім әкелуге, яғни ұлғаймалы өндірісті қамтамасыз етуге бағытталады. Нарық жағдайында өндіріс құралдарын (тұрақты капитал) және жұмыс күшін (өзгермелі капитал) сатып алуға ақшалай қаржы түрінде жұмсалады да, өз иесіне қосымша пайда әкеледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *