АВАЗБАКИЕВА Магинұр Фатқұлқызы (7.3.1907, Семей — 8.2.1987, Алматы) — биол. ғыл. докг. (1955), проф. (1958), Қазақстанның еңб. сің. ғыл. қайраткері (1979). ҚазПИ-ді бітірген (1934). 1938 — 87 ж. ҚазМУ-де ассистент, аға оқытушы, доцент, декан, кафедра меңгерушісі, проф.- кеңесшісі болды. Негізгі ғыл. жұмыстары адам физиологиясының бейімделуіне арналған. Қазақстан таулары мен шөл даласы, ауа райының адамға тигізетін физиол. әсерін зерттеп, көптеген ғыл. еңбектер жазған. “Құрмет Белгісі” орденімен марапатталған.