АБЫЛАЙ ХАН

“АБЫЛАЙ ХАН” — тарихи жыр. Жырға Абылай ханның балалық, жастық шағы мен ел билеген кезі арқау болған. Авторы белгісіз. Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автон. ауданында тұратын қазақтар арасында кең тараған. Жыр Абылайдың балалық шағынан басталып, ер жету, қол бастау, ел билеу жолын көркем баяндап шығады. Абылай хан билеген тұстағы қазақ хандығының дәуірлеу тарихы шынайы айшықтармен нанымды суреттеліп, соңы Абылай хан өлімімен аяқталады. Бұл жырдың Абылай туралы мазмұн, сюжет жағынан ұқсас өзге нұсқалардан айырмашылығы – мұнда ханның ата тегі жырдың кіріспе бөлімінде тәптіштеп айтылып, басты кейіпкер — Сабалақ (Әбілмансұр) Төле биден кетіп, Темірбай деген байға бала болып, оның батасын алған соң қалмаққа қарсы соғысқа аттанады. “А. х.” жырының шыңжаңдық бұл нұсқасы әдеби көркем тілмен жазылған, шытырман оқиғаларға толы, оқырманды тез баурап алады. Жырда сөз болатын оқиғалар мен адамдар нақтылы өмірде болған жайлар мен тарихи тұлғалар. Шығарма алғаш рет Шыңжаң тұрғыны Шерияздан Сұлтанбайұлынан жазып алынып, тұңғыш рет Қытайдың “Ұлттар” баспасынан жарық көрген 4- томдықта (1985), одан кейін “Абылай хан” атты кітапта (А.,1993), “Қазақ халық әдебиеті” көптомдығының 1-томында (1995) жарияланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *