АБЫЛАЙ Уәлибақыұлы, Қанішер Абылай

АБЫЛАЙ Уәлибақыұлы, Қанішер Абылай (т. ө. ж. б.) — 17 ғ-дың басында Сауран мен Түркістанды билеген қазақ сұлтаны, батыр. Үргеніш өңірінде туған. Абылай (Әбілмансұр) ханның туған атасы, Жәдік әулетінен. “Батырлығымен, батылдығымен аты шығып, сол үшін де қанішер деген қаһарлы да, құрметті атаққа ие болған кісі” (Ш. Уәлиханов). А. кейбір деректерге қарағанда, Кіші жүз бен Орта жүздегі қазақ руларының бір бөлігіне билік жүргізген. Ресей империясы қазақ хандығындағы саяси жағдайға барлау жасау мақсатымен және экон. байланыстар орнатуды көздеп, 1616 ж. Тобылдың дуанбасы И.С. Куракинге А- мен келіссөз жүргізуді тапсырды. А-ға Сібірдегі орыс қамалдарына шабуыл жасаған қалмақтарға қарсы соғыс одағын құру, оның есесіне қазақтарға Сібір қалаларындағы сауда-саттыққа емін-еркін қатысуға рұқсат берілетіндігі ұсынылады. Бірақ Ресей екінші жағынан, қалмақтармен де астыртын келіссөздер жүргізіп, қазақтар жөнінде арандатушылық саясат ұстанды. Осы себепті және Бұхар ханы Имамкулидің 1612 ж. Түркістанға жасаған тонаушылық жорығы нәтижесінде А. мен орыстар арасындағы бұл кездегі қарым-қатынас нәтижелі болмаған. А. әкесі Уәлибақы, атасы Жәңгір хан, баласы Көркем Уәли сияқты қан майданда қаза тапты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *