АБЫЛАЙКИТ БҰТХАНАСЫ

АБЫЛАЙКИТ БҰТХАНАСЫ — 17 ғ-дың орта кезінде (1654 ж.) қалмақтың Абылай тайшасы салдырған қамал. Өскемен қ-нан оңт-ке қарай 60 км жерде, Сібе өз-нің жоғары ағысында, Қалба тауының етегінде орналасқан. Бұтхананы алғаш 1735 ж. проф. К. Миллер мен оның экспедициясына қатысқан В. Шишков зерттеген. Кейін қазақ даласында ғыл.-зерт. жұмыстарын жүргізген Г. Спасский, С. Черников, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде А. б. туралы пікір айтқан. Қамал монғол-тибет стилінде салынғанымен, онда жергілікті Дешті Қыпшақ дәстүріндегі құрылыс үлгілері де қолданылған. Бұл белгілер қамалды салуға сырттан әкелінген шеберлермен бірге жергілікті халық ісмерлері де қатынасқанын көрсетеді. А. б. жан-жағы терең сай, жоталармен қоршалған, таудың етегіне тірей салынған. Биікт. 3 м, қабырғасының қалыңдығы 1,5 м. Қамал қабырғасын бірыңғай гра- ниттен қалап, қақпаларын оңт. жағынан шығарған. Қамал ішінде үш үйдің орны сақталған. Оның ең үлкені мінәжат ететін бұтхана, калған екеуі кісі жиылатын үлкен зал мен асхана. Үстіңгі қабатта тұрақ жайлар болған. Бұтхана қабырғалары әшекейленген. Онда адам суреттері, нақыш жазулар жазылып, түрлі мүсін-бейнелермен безендірілген. Көшпелілердің 17 ғ-дағы сәулет өнерінің үлгісі болып табылатын А. б. 1670 ж. қалмақтар арасындағы өзара бақталастық соғыстар кезінде құлатылған. Бұтханадағы кітапхана, қол- жазбалар 17 ғ-дың 20-жылдарына дейін сақталған. 1711 ж. біраз кітап пен қолжазба Петр І-нің қолына түскен. Олар мазмұнын анықтау үшін Парижге жіберген. Парижде ағайынды Фурмонттар оқи алмай, орыс патшасына жалған аударма берген.

Кейіннен бұл жазбалардың монғол-тибет тілінде жазылған, көбіне діни мағынада екені анықталды. Қолжазбалар мен кітаптардың кейбір нұсқалары Париж кітапханасы мен Санкт-Петербургтегі Шығыс елдерін зерттеу ин-тының кітапханасында сақтаулы. Жазбаларды тілші- ғалым Н.Невский толық зерттеп, жарыққа шығарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *