АБЫЛАЙКИТ

АБЫЛАЙКИТ — Шығыс Қазақстан обл-ның Ұлан ауд-ндағы өзен. Қалба жотасының Бесшоқы және Талды тауларының солт. беткейлерінен басталатын Сібе және Ұранхай (Ұрыңқай) өз-дерінің қосылған тұсынан кейінгі бөлігі осылай аталады. Ұз. Сібе өз- нің бастауынан есептегенде 78 км, су жинау алабының ауд. 1680 км2. Өзен түгелдей тау аңғарымен ағады, ағысы қатты. Негізінен, еріген қар суымен толығады. Ертіс өз-не Абылайкит а-ның тұсында қосылады. Сағасындағы орташа су ағынының мөлш. 4,87 м3/с. Өзен 1654 ж. қалмақтың Абылай тайшысы салдырған сарай-бұтханасының (Сібе өз-нің бас жағында) атымен аталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *