АБЫЛАЕВА Әсия

АБЫЛАЕВА Әсия (4.1.1938 ж. т., Алматы обл. Бөрлі ауд. Лепсі ст.) — Қазақстанның халық артисі (1990). Құрманғазы атындағы қазақ мемл. консерваториясын бітірген (1961). С. Сейфуллин атынд. Қарағанды обл. Қазақ драма театрының белгілі актрисасы. А. Қарагөз (М. Әуезовтің “Қарагөзінде”), Баян, Ұлпан (Ғ. Мүсіреповтің “Қозы-Көрпеш — Баян сұлуында”, “Ұлпанында”), Шұға (Б. Майлиннің “Шұғасында”), Анар (О.Бөкеевтің “Құлыным меніңінде”), Алтынай (Ш. Айтматовтың “Алғашқы мұғалімінде”), Таңқабике (М. Кәрімнің “Ай тұтылған түнінде”), Қыз (Назым Хикметтің “Елеусіз қалған есіл ерінде”), Катарина, Леди Макбет (Шекспирдің “Асауға — тұсауы” мен “Макбетінде”), Медея (Еврипидтің “Медеясында”) тұлғаларын сахнаға шығарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *