АБЫЗ (арабша хафез — 1.Сақгаушы, қорғаушы; 2. Құранды жатқа білетін адам) — ғұлама, дана, әулие, шарапатты, көріпкел адам. Сөздің тегі жөнінде “Абыз әуелде шаман дініндегілердің өз молда, бақсыларының үлкендеріне қоятын аты екен” — дейді Абай. Ы. Алтынсарин Жәнібек батырдың бала кезінде ақыл-білім алу үшін Қара Керей Соқыр абызды іздеп барғанын әңгімелейді. М. Әуезовтің “Еңлік — Кебек” пьесасында Нысан Абыз әулие, көріпкел ретінде сипатталады.