АБЫЗТӨБЕ

АБЫЗТӨБЕ — көне қаланың орны. Сырдария өз-нің орт. ағысының сол жағында, Келінтөбе аталатын көне қала жұртынан солт-ке қарай 25 км кашықтықта орналасқан. 1969ж. Отырар археол. экспедициясы (жетекшісі К.М. Байпақов) зерттеген. Қала жұртының қазіргі көрінісі, солт.-бат-тан — оңт.-шығ-қа карай созылып жатқан, ұз. 105 м, көлд. 30 м, биікт. 5 м, ұзын төртбұрышты жота. Төбесі тегіс. Қалаға кіретін қақпаның орны оңт. жағында орналасқандығы байқалады. Жиналған құмыралардың сынықтары бойынша ғалымдар қаланың б.з. 1 ғ-дағы өркениет орталығы болғанын дәлелдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *