АБХАЗ ПАТШАЛЫҒЫ- Қап (Кавказ) тауы өңіріндегі ортағасырлық мемлекет. Астанасы — Кутатиси (Кутаиси) қ. болған. Халқы, негізінен, абхаздар, мегрелдер және свандардан құралған. 8 ғ-дың 80- жылдары абхаз князі Леон ІІ Батыс Грузия халқының Византияға қарсы азаттық күресіне басшылық етіп, патша деген атақ алды. Бүкіл Бат. және Шығ. Грузияның бір бөлігі А. п-ның құрамына кірді. Ол көршілес грузин мемл-терімен, Таяу Шығыстағы және Жерорта т. алабындағы елдермен қызу сауда жүргізіп отырған. 9-10 ғ-дың 1-жартысында А. п. біршама күшейді. Георгий (955 ж.ө.) жөне Леон III (955 — 967) патшалардың тұсында мемл. жері едәуір кеңейді. 975 ж. А. п. біріккен Грузия мемл-інің құрамына енді.