АБСТРАКТІЛЕУ (лат. аbstractio — дерексіздік, бөлініс, оқшаулық) — белгілі бір затқа, құбылысқа тән көптеген қасиеттер мен олардың арасындағы толып жатқан өзара байланыстардан ойша бір ғана жағын оқшау алып қарастыру, яғни танымның бір әдісі. А. процесінде адамның субъективті мүмкіндіктері ескеріле бермейді. Әйтсе де, А. алуан түрлі түсініктердің қалыптасуына ең қажетті алғышарт болып табылады. Мұнымен бірге қандай бір таным болмасын, ол А. процесімен байланысты. Онсыз заттың, құбылыстың мәніне тереңдеп ену, сырын ашу, айқындау мүмкін емес. Затты, құбылысты ойша бөлшектеп, ең негізгі жақтарын алып қарастыру, сол арқылы жан-жақты қорытынды жасау — ойлау жүйесінің А. қызметі больш табылады. А. күнделікті өмірде жөне эмпирикалық логикада ойдың, психикалық қасиеттердің туындысы. Диалектик. логикада А. нақтылықпен салыстырыла отырып сыңар жақ, жетілмеген ұғым мәнінде де қолданылады; қ. Абстрактілік пен нақтылық.