АБСОРБТАНУ

АБСОРБТАНУ, абсорбция (лат. аbsorptio — сіңіру) — сұйық заттың (абсорбенттің) ерітіңдідегі не газдар қоспасындағы кейбір затты өзіне сіңіруі. А. кезінде газды не еріген зат бөлшектерін абсорбент өзінің барлық көлеміне сіңіреді. Әр абсорбент (мыс., су, метанол, сұйық азот, қышқылдардың, сілтілердің және этаноламиндердің, метан карбонаттарының сулы ерітінділері) кейбір заттарды ғана белгілі мөлшерде сіңіре алады. Мұндай қасиет газ қоспаларын бөлуде және тазалауда (мыс., табиғи және мұнай газдарынан пайдалы құрамдас заттарды, крекинг және пиролиз газдарын алу үшін, СО2 синтез-газын тазарту үшін) немесе дайын өнімдерді алуда (мыс., HNO3 жөне Н2SO4, осыларға сәйкес NO2 және SO3-ті сумен А. кезінде) қолданылады. Физ. А. кезінде абсорбент газға қарағанда инертті орта болады. А-дың басқа бір түрінде зат абсорбентпен хим. әрекеттеседі. Абсорбенттер сіңіру сиымдылығымен (көлем бірлігіне шаққандағы сіңірілетін зат мөлшерімен) сипатталады. Абсорбенттің қаныққан буының қысымы төмен, қайнау темп-расы жоғары, ал өзі арзан болу керек. А-ға кері әрекет десорбция (қайта шығару) деп аталады және ол ерітіндідегі газды бөліп шығару-да жөне абсорбентті қайта калпына келтіруде (регенерация ) қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *