АБСОЛЮТШІЛДІК, абсолютизм (лат. Absolutus — сөзсіз, шексіз) — мемлекеттік басқарудың бір түрі. А. кезінде жоғары өкімет билігі толық жеке-дара бір адамның қолына шоғырланады, билік заң шығарушы, атқарушы, сот билігі болып тармақталмай, бір қолда болады. Ресей мен Франция тарихындағы монархиялық басқару жүйесі — А- тің бір үлгісі іспетті. А. монархиялық және мемл. болуы мүмкін. Монархиялық абсолютшілдіктің тұжырымдамасының негізін салушылар — Р. Филмер мен Ф. Бэкон, ал мемлекеттік абсолютшілдік идеясын дамытушылар — Т. Гоббс пен Ж. Боден. Мемл-ті басқарудың бұл түрі орта ғ-да үстем болды.