АБСОЛЮТТІК ҚҰҚЫЛАР

АБСОЛЮТТІК ҚҰҚЫЛАР — субъективтік құқылар, оны иеленуші тұлғаға белгілі бір міндеттілік жүйеленген адам немесе адамдар тобы қарсы тұрады. Мұндай міндеттілік — А.қ-ды кемсітетін кез келген іс-әрекетті жасаудан тежеліп қалу, бас тарта білу. Кез кел- ген адам А. қ-ды бұзуы мүмкін болғандықтан, заң кез келген және әрбір адамнан немесе адамдар тобынан А. қ-ды қорғайды. А. қ-дың санатына мүліктік құқылар (мыс., меншік құқы), сондай-ақ жеке мүліктік емес құқылар (мыс., автор- дың жеке мүліктік емес құқылары, шығарманың авторы ретінде мойындалу кұқы, шығарманы өзінің шынайы аты- жөнімен немесе бүркеншік атымен пайдалану кұқы, т.б.) жатады. ҚР-да А.қ., ең алдымен, азаматтардың ҚР-ның Конституциясында бекітілген негізгі құқылары болып табылады. Жекелеген құқықтық қарым-қатынастарда А. қ. салыстырмалы құқыларға ұласып жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *