АБСЕНТШІЛІК, абсентизм (лат. аbsentia — келмей қалушы, қатыспаушы) — ха- лықтың саяси өмірге селқос қарауы. Ол, әсіресе, сайлаушылардың өкіметтің өкілетті органдарын сайлауға қатысқысы келмеуінен байқалады. А. туралы әр түрлі көзқарас бар. Бірінші көзқарас бойынша, сайлауға қатысып дауыс беру не бермеу адамның өз еркі, саяси еркіндігінің көрсеткіші. Екінші көзқарас бойынша, А. сайлаушылардың саяси шешімдерді немесе сайланушы үміткерді жақтырмаушылығының көрсеткіші.
ҚР Конституциясына сәйкес азаматтардың саяси құқыларын еркін пайдалануына шек қойылмайды, сонымен қатар олардың саяси өмірге қатыспауға, одан бас тартуларына еріктері бар. Бірақ көпшіліктің саяси өмірге селқостығы, біріншіден, өкіметтің заңдылығына нұқсан келтірсе, екіншіден, әр қилы саяси айла- шарғыға жол ашып, демокр. басқару тетіктерінің нығаюына кесірін тигізеді.