АБРИС

АБРИС (нем. AbriB – сызба) – жер бетінің бедерін қағазға түсіру кезінде сұлба түрде салынатын сызба. Мұнда түсірілетін аумақтың, ондағы объектілердің нобайы, өлшеу нәтижелері, бедер элементтері, т.б. мәліметтер көрсетіледі. А. екі түсірім сызбаларын қамтиды. Теодолитті (горизонталды) түсірімнің А-і – тірек пункттердің, сызықтардың және түсірілетін объектілердің өзара орналасуын көрсететін сызба болса, ал тахеометрлік (биіктік) түсірімнің А-і – өлшеу ст-лары мен қада нүктелерінің өзара орналасуы аралығындағы реттік нөмірі көрсетілген сызба. Онда жердегі біркелкі еңіс бағытының қосылып, бедердің негізгі қаңқасы жасалынады. А-ті пайдалану арқылы жер бетінің дәл және толық нобайы кескінделеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *