АБОРИГЕНДЕР (лат. Аborigines – бастапқы, негізгі, байырғы, тұрақты) — автохтонды тұрғындар. А. көбінесе елдің, өлкенің, белгілі ауданның байырғы тұрғындары ретінде өзара ру-тайпалық, туған-туыстық және тарихи-әлеум., экон. қарым-қатынаста болады. Қазақтар өз жерінің тұрақты-автохтонды халкы ретінде бірнеше мыңдаған жылдар бойы ата, ру, тайпа, жүздік одақтар ретінде қордалана келіп, алдымен ұлыс, кейін біртұтас ұлт болып тарихи түрде қалыптасқан.