АБОЛИН Роберт Иванович (18.5.1886, Рига қ- 17.12. 1942, Шығыс Сібірде) –орыс энциклопедияшысы, биология және а. ш. ғыл. докт. (1934), проф. Петербург а. ш. ин-тын бітірген (1913). Ғыл.- экспедициялық жұмыстары Қазақстан мен Орта Азияның шөлді және таулы аудандарын зерттеуге арналған. Табиғи кешендер ілімінің негізін қалаушылардың бірі. Жер бетін эпигеосферадан қарапайым геогр. кешендерге дейін бөлу жүйесін алғаш ұсынған (1914). Қазақстанның жеке аудандарының алғашқы ландшафтық карталарын жасаған (1929). Қазақстан мен Орта Азияның әмбебап вегетациялық-температуралық белдеуін алғаш рет негіздеп, оларды табиғи-шаруашылық аймақтарына жіктеген (1929-33). Бүкілодақтық өсімдіктану ин-тының Шөл бюросын ұйымдастырып (1932), шөлді аудандарда жүргізілген ғыл.-тәжірибелік зерттеулерді басқарды (1932-37), арнаулы шөл ст-ларын ұйымдастырды (Шалқар, Орда). Қазақстан ОАК-нің Прези- диумының “Казақстанның 15 жылдығы” белгісімен марапатталды (1934).