АБОЛИН МҰЗДЫҒЫ

АБОЛИН МҰЗДЫҒЫ — Жетісу (Жоңғар) Алатауының солт. беткейінде орналасқан қазаншұңқырдағы мұздық. Орта Азияны зерттеуші ғалым Р.И. Аболиннің есімімен аталған (1958). Бүйен өз-нің жоғары бөлігінде, Орман Бүйен өз-нің бастауында орналасқан. Мұздық солт-ке қарай созылып жатыр. Климаттың біртіндеп өзгеруіне байланысты мүздық кішірейе келіп, үш бөлікке бөлінді (1997). Ең ірі бөлігінің ұз. 4,7 км, ашық жерінің ұз. 3.3 км. Жалпы аум. 4,6 км2. Ашық жерінің аум. 4,0 км2. Мұздықтың теңіз деңгейінен ең биік жері — Аболин шыңы (4051 м). Мұздық бүйірлік биік моренамен көмкерілген. Оның астыңғы шебі 3100 м-ге дейін түріліп, 1965 ж. салыстырғанда 40 м-ге шегінген (1997). Мұздықтың орташа қалыңд. 90 м, көл. 0,36 км3(1997).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *