АБОВЯН Хачатур

АБОВЯН Хачатур (1805, Канакр а., Ереван маңы — 14.4.1848, Ереван) — армян жазушысы. Дәулетті семьяда туған. Эчмиадзиндегі және Тифлистегі діни семинарияда оқыған (1824 — 26). Дерпт (қазіргі Тарту) ун-тін бітірген (1836). “Армения жарасы” атты романында (1841) орыс- иран соғысы кезіндегі (1826 — 28) армян халқының ұлт-азаттық күресі суреттелген. “Американың ашылуы”, “Хикаялар кітабы”, “Қол бос кездегі ермек” (1864) деген мысалдар жинағын, “Бәйіттер” (1864), т.б. шығармалар жазды. А- “Сүрлеу” атты оқу кітабының (1838), орыс және армян тілдері грамматикасының, “Тигран тарихы немесе армян балаларына арналған адамгершілік жөніндегі өсиеттердің” авторы. Этнографиямен шұғылданды, армян, әзербайжан, күрд фольклорын жинап, зерттеді. Гомердің, И.В. Гётенің, И.Ф. Шиллердің, Н.М. Карамзиннің, И.А. Крыловтың шығармаларын армян тіліне аударған. А-ның өлеңдері қазақ тіліне аударылған (1948).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *