АБИОТИКАЛЫҚ ФАКТОР (грек. а — сыз, сіз, емес қосымшасы және biotikos — тіршілік, өмір) — бейорганик. ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы. Ол физикалық (темп-ра, жарық, жел, ылғалдылық, атмосф. қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей, радиоактивті сәуле шығару, т.б.), химиялық (атмосфера, су, қалдықтар, топырак, шөгінді құрамы, және олардағы қоспалар, т.б.) және климаттық (күн радиациясы, атмосф. жауын-шашын, гидросф. қысым, т.б.) А. ф-лар болып бөлінеді. Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим. құрамына қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі, т.б. А. ф-ға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың хим. және физ. құрамының өзгеруі тірі организмдерге де әсер етеді. Мыс., 20 ғ-да Арал т-нің тартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне байланысты, миллиондаған тонна тұзды шаң тірі организмге үлкен әсерін тигізді; қ. Фактор.