АБИОГЕНЕЗ (грек. а — сыз, сіз, емес қосымшасы, bios — тіршілік, genesis — пайда болуы), жансыздан өрбу — тірі табиғатта ферменттердің қатысуынсыз организмнен тыс пайда болатын органик. қосылыстар; кең мағынасында – эволюциялық даму барысында тіршіліктің, яғни тірі организмнің органик. емес заттардан пайда болуы жөніндегі теория. 19 ғ-дың ортасына дейін ғылымда тіршілік өзінен-өзі пайда болған, өлі заттардан күрделі құрылымды тіршілік иелері шыққан деген ұғым сақталды. Бірақ 18 ғ-да италиялық ғалымдар Ф. Реди, Л. Спалланцани, француз ғалымы Л. Пастер бұл ұғымның қате екенін өздерінің ғыл. еңбектерінде дөлелдеп берді. А. теорияларының ішіндегі көбірек таралғаны — А.И. Опарин теориясы. Қазіргі кезде ғалымдар жер бетінде тіршіліктің пайда болуы, ерекше геол. дәуірде басталған күрделі де ұзаққа созылған процесс болғанын мойындайды. Жер бетінде қалыптасқан сол дәуірдегі жағдайларды жасанды түрде тудыру арқылы 20 ғ- дың ортасында тәжірибе жүзінде белок тектес және басқа да органик. заттардың абиогенді синтезі жүзеге асырылды. Тіршілік- табиғи дамудың белгілі бір кезеңінде пайда болған материя қозғалысының ерекше түрі. Мұндай қозғалыстағы материя даму барысында алуан түрлі кезеңнен өтеді де, барған сайын күрделене береді; қ. Биогенез.