АБЗАНОВ ЕЛШІЛІГІ

АБЗАНОВ ЕЛШІЛІГІ, 1767 ж. маусым — шілде айларында Орынбор әкімшілігінің тапсырмасымен Қылшақты өз-нің бойындағы Абылай Орда- сына жіберілген башқұрт старшындары Құтлышар Абзанов, Әкімбай Құрманиев, Уақит Түнғатаровтардың сапары. Елшіліктің мақсаты аймақтағы саяси ахуалды анықтау болды. Елшілік Абылайдың Қоқан билеушісі Ерзенеге қарсы соғыс ашпақ болған ниеті іске аспай, еліне оралғаны, бұл со- ғыста Абылайдың қытайлардың әскери көмегіне арқа сүйемек болған мақсаты кейбір қазақ руларының арасынан қолдау таппағаны жөнінен ха- бардар болды. Абылай Ресеймен ынтымақтаспақ ойы бола тұра, Орынбор әкімшілігімен кездесуден бас тартты. Елшіліктің бұл сапарының нәти- жесінде башқұрт пен қазақ халықтарының, Орынбор әкімшілігі мен Абылай ханның арасындағы қарым-қатынас тұрақтала түсті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *