АБД әр-РАЗЗАҚ САМАРҚАНДИ

АБД әр-РАЗЗАҚ САМАРҚАНДИ,Камал әд-Дин Абд әр-Раззақ ибн Жамал әд-Дин Исхақ ас-Самарқанди (1413, Герат — 1482, сонда) — тарихшы. Самарқанда білім алған. Гератта Шаһруһ сарайында қызметте болған. 1441 — 44 ж. Оңт. Үндістанда, 1446 ж. Гилянда елші. 1463 жылдан өмірінің соңына дейін Шаһруһ сарайында шейх болған. А. әр-Р.С. «Мәтлә әс-сәдәйн уә мәджә әл-бәхрәйн» («Бақытты екі жұлдыздың қосылған жері немесе екі теңіздің түйіскен жері») атты көлемді тарихи еңбегімен танымал. Екі бөлімнен тұратын бұл шығарма 1467 — 69/71 ж. аралығында парсы тілінде жазылған. Мұнда Иран мен Орта Азияның, Темір ұрпақтарының 1304 — 1471 жылдардағы тарихы баяндалған. 1-бөлімінде Әбу Сайидтың (ирандық монғол ханы) дүниеге келуінен Темірдің өліміне дейінгі оқиғалар және Халил сұлтанның Самарқанда таққа отыру кезеңі, 2-бөлімінде Шаһруһтың (Гератта) таққа келуінен Әбу Сайидтың өліміне дейінгі тарихи оқиғалар қамтылған. Шығармада 14 ғ-дың соңы мен 15 ғ-дағы Шығыс Дешті Қыпшақтағы оқиғалар, ондағы мемл. құрылымдар, Ұлықбек тұсындағы Моғолстан мен Мауераннахрдың арасындағы қарым-қатынас, Едіге, Барақ хан туралы маңызды деректер берілген.

АБД әр-Рахман Әбу Зейд ибн Мұхаммед ибн Халдун (27.5.1332,Тунис- 17.3.1406, Каир) — араб тарихшысы. 1349 — 75 ж. Тунис, Фес, Гранада және Биджай (қазіргі Буни) билеушілерінің сарайында түрлі қызметтер атқарған. 1375 ж. Алжирге қоныс аударды. 1379 ж. Туниске қайтып оралып, діни адамдардың қудалауына ұшырайды, 1382 ж. Мысырға қоныс аударуға мәжбүр болды. Онда мәмлүк сұлтандарының қам- қорлығында, ғыл.-әдеби жұмыстарын жалғастырды. Қази қызметін атқарды, әл-Азһар, әл-Камхия, аз-Захирия медреселерінде дәріс берді. «Китаб әл-ибар…» (Үлгілі өнегелер кітабы”) аталатын көлемді еңбегінде көшпелі тайпалар шаруашылықтарының ерекшеліктері, олардың отырықшы халықтармен қарым-қатынасын көрсетіп, қазіргі Қазақстан жерін ме- кендеген түркі тайпалары туралы тарихи-геогр. мәліметтер келтірілген. Өзінің тарихи, әлеум. тұжырымдарында адамдардың әдет-ғұрпы мен қоғамдық мекемелері олардың өмір сүру жағдайына (мыс., отырықшылық және көшпелілік) тәуелді екендігі жөнінде қорытындыға келді. Ал Еуропа ойшылдары А. әр-Р. Ә. 3. ибн X. қозғаған табиғаттың адамзат қоғамының тарихына тигізетін әсері жөніндегі мәселені 18 ғ-да ғана көтерген еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *