АБД әл-ҒАФУР әл-КЕРДЕРИ

АБД әл-ҒАФУР әл-КЕРДЕРИ, Абд әл-Ғафур бин Лұқман бин Мұхаммед Әбу – л – Мафахир әл – Кердери (шамамен 1166ж.ө) – қазақ даласынан шыққан ғұлама. Әо-Кердери оның кердері руынан (қ.Кердері) шыққандығын көрсетеді. А.әл.- Ғ.әл-К.Бағдад, Басра, Дамаскіде білім алған. Мұсылман заңының, оның ішінде ислам туы тігілген көптеген өлкелерге кеңінен тараған ән-Нұғман Әбу Ханифа негізін салған мектептің теор. тұжырым-қағидаларын басшылыққа алып, зерттеулер мен түсіндірмелер жасаумен айналысқан. А. әл.- Ғ. Әл- К. «Интисар ли Аби Ханифа фи ахбарихи уә ақуалиһи» (Әбу Ханифаның хабарлары мен айтқандарындағы жеңісі»), «Муфид уә мәзид фи шарх ат-Таджрид» («Таджридке» (абсктрактілендіруге) түсіндірме жасаудағы пайдалы толықтыру»), «Шарх «әл-Джамиғ ас-Сағир» («Кіші жинаққа түсіндірме») атты бірқатар кітаптар жазған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *