АБД ул-ҚАДЫР, А б д ә л — Қадар (Қадир), Насер-әд-Дин ибн Мұхиддин әл-Хасани (6.9.1808 — 25.5.1883, Дамаскі) — алжир халқының франц. отаршыларына қарсы күресінің (1832 — 47) көсемі, қол- басшы, ғалым, ақын. Алжир халқы 1832 ж. А ул-Қ-ды сұлтан, кейін өмір сайлады. 1832 — 34 жылдардағы француздарға қарсы көтерілісте үлкен жеңістерге жетті. Франция 2 жылға бейбіт бітім жасауға мәжбүр болды. Алжирдің ішкі бөлігінде әмірлік құрылды. А ул-Қ елде реформа жүргізіп, мектептер аштырды, сирек кітаптар мен қолжазбаларды жинатты, тұрақты армия құрды, бекіністер салдырып, қару-жарақ жасаттырды. 1935 ж. қайта жанданған соғыста француз әскерлері тағы жеңіліс тауып, 1937 ж. 30 мамыр- да әмір билігіне Алжир жерін түгел дерлік қайтаруға мәжбүр болған шартқа қол қойды. 1843 ж. француздар келісімді бұзып, Алжирге қайта шабуыл жасады. 1847 ж. олар Алжир жерін түгелдей басып алды. А. ул-Қ. 1847-52 ж. Францияда тұтқында отырды. Босағаннан кейін Дамаскіде тұрды. Дамаскіде 1860 ж. француз жансыздары ұйымдастырған христиандарға қарсы бүлікте А. ул-Қ жауласқан екі жакты арашалап, 1,5 мың христианның өмірін аман алып қалды. Бұл үшін оны Франция үкіметі Құрметті Легионның үлкен кресімен, Ресей Ақ Қыран орденімен марапаттады.