АБДЫРА — үй жиһазы, сандықтың үлкен түрі. Тақтайдан жасап, алдыңғы бетін қаңылтырмен қаптайды. Қақпағы және қиюласқан жіктері қаңылтыр қиықтарымен торланады. Өрнектеп, сырлайды. Орталық Азия халықтары кеңінен қолданады. Аталуы көне түркі тіліндегі «абыд» (жасыру) деген сөзден шыққан.