АБДУРАХИМ (Абдураим) Низари (1770, Қашқар, — 1848/49, Турфан) — ұйғыр ақыны. “Хан медресесінде” оқып, дін ілімін, араб, парсы тілін үйренген. Шығыс әдебиетімен, әсіресе, Әбу-л-Хасан Рудаки, Әбу-л-Қасым Фирдоуси, Низами, Хафиз, Омар һайям, Сағди, Абд әр-Рахман Жәми, Әлішер Науаи шығармаларымен жете танысқан. Оқуды бітірген соң, Қашқар өмірінің бас хатшысы болды. 1830 — 40 ж. Н. Зияимен бірге “Гәриплар хикаяты” не- месе “Махаббат дастандары” аталатын поэмалар топтамасын жазды (“Фарһад-Шырын”, “Ләйлі—Мәжнүн”, “Рабийя-Саадин”, “Мақсуд—Дилара”, “Махзун- Гүлниса”, “Вамук—Узра”, “Шаһ-Бахрам”, т.б. эпик. по- эмалары осы топтамаға жатады). Науаи үлгісінде көркемдік ерекшелігімен көзге түсетін көптеген лирик. туындылар қалды. Оның “Фарһад — Шырын”, “Ләйлі — Мәжнүн” поэмалары түріктің классик. әдебиеті үлгісінде аруз өлше- мімен жазылған. “Рабийя — Саадин” поэмасының негізіне 19 ғ-дың 30-жылдарында Қашқарда болған нақты оқиға алынады. Екі жастың адал махаббатын жырлай отырып, А. қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздікке өз наразылығын білдірді.